ЖАРНАМАЛЫҚ ХАБАРЛАМАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛІСІМ

Мен, өз еркіммен және мүддем­мен әрекет ете отырып, осы Келісімді «БОТХАБ» ЖШС-не (БСН 240 840 016 499) (бұдан әрі – Орындаушы) жарнамалық таралымдар алуға береді­м.
  • Келісім ҚР қолданыстағы заңнамасына, соның ішінде «Жарнама туралы» 2003 ж. 19 желтоқсандағы № 508-II ҚР Заңына және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 ж. 21 мамырдағы № 94-V ҚР Заңына сәйкес рәсімделеді әрі https://bothub.kz/ интернет-сайтында (бұдан әрі – Сайт) беріледі.
  • Мен электрондық поштаға, мессенджерлерге және өзге де байланыс арналарына жіберілетін кез келген жарнамалық хабарламаларды (бұдан әрі – Жарнама) алуға келісемін.
  • Келісім мерзімсіз әрекет етеді.
  • Мен Келісімді кез келген уақытта қайтарып алуға құқылы екенімді білемін. Ол үшін email@bothub.chat мекенжайына (немесе Сайтта көрсетілген өзге байланыс арнасына) тиісті хабарлама жіберемін. Орындаушы хабарламаны алған кезден бастап Жарнама жіберуін тоқтатады.
  • Орындаушының деректемелері:
    • «БОТХАБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі СН: 240 840 016 499 Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Астана қ., Есіл ауданы, Ұлы Дала даңғ., 86/1-үй Бас директор: Иманшартов Ескендир Талғатович Электрондық поштасы: email@bothub.kz
Осы Келісіммен өз құқықтарым мен міндеттерім толық түсіндірілгенін растаймын.